Теңге ілуден ҚР ұлттық құрамасы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қоррғайтын үш үздік спортшыны анықтады.
«Іріктеу сайыстарының нәтижесінде 3 стиль бойынша 3 үздік спортшыны анықтадық. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында сайыстың барлық түрінен алтын иеленеміз деген сенім бар. Ол үшін бар мүмкіндігімізді пайдаланамыз», - деді ҚР Ұлттық және ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбөриев.
Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты.
Спортшыларымыз «Қос құлаш», «Бес белес», «Жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Қорытындылай келе, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

- «Бес белес» стилінен Бекнұр Серіков;
- «Жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай;
- «Қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров.

