Қазақстанда абоненттік ұялы байланыс құрылғылары қара тізімге енсе, бұдан былай оған байланыс қызметі көрсетілмейтіні айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Құжат 16 тамызда "Ашық құқықтық актілер" порталында "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” тақырыбымен жарияланған. Қара тізімде "ұялы байланыс қызметін көрсетуге тыйым салынған" мобильді құрылғылардың нөмірлері болады. Бұл тізімге Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру кодының дерекқорына енгізілмеген құрылғылар кіреді. Атап айтқанда, егер:- сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
- өндіруші тағайындаған сәйкестендіру коды жоқ;
- сәйкестендіру коды мобильді байланыс қауымдастығының (GSMA) ғаламдық жүйесінде қара тізімге енгізілген;