Ақтаулық жастардың тегін таратылған құлаққапқа таласуы дүрбелеңге ұласты

1606
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6947.jpeg
Ақтауда тегін таратылған құлаққаптарға таласқан жеткіншектер тапталып қалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Әлеуметтік желіде Ақтауда орын алған жасөспірімдердің “тегінге таласқан” дүрбелеңінен видео тарады. Маңғыстау облысының полициясы ұялы байланыс компанияларының бірі құлаққаптарды тегін таратуды ұйымдастырғанын хабарлады. «Осы іс-шараны құзырлы органдарға хабарламастан өткізген ұйымдастырушының жеке басы анықталып, бұл фактіге қатысты барлық қажетті құжаттар жинақталып, кінәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полиция.
Comments