Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн аталды

1732
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/izobrazhenie_2024-08-28_121141393.png
2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді деп жоспарланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеп. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде. Шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде қазақстандық депутаттар екі айға парламенттік демалысқа шыққан болатын.
Comments