Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесіп, 2024 жылғы 18 қыркүйекте «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізеді.
Бұл халықаралық ғылыми семинар «Алтын Ордадан кейінгі қоғамның дәстүрі мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістер (Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеу)» жобасын жүзеге асырудың негізгі бір іс-шарасы болып табылады.
Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланады:
- Алтын Орда өркениеті орналасқан тарихи аймақтардың эпиграфикасы: жаңа олжалар және олардың интерпретациясы;
- Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштерін көршілес мемлекеттердегі арабжазулы жәдігерлермен салғастырмалы-салыстырмалы зерттеу;
- Алтын Орда өркениеті тарихи аймақтарының дамуы және мәдени дәстүрлердің тұрақты түрлерінің қалыптасуы.
- Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша шығарылған Мүминов Ә.Қ., Дүйсенов Б.Д. «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштері. Кітап-альбом / Мүминов Ә.Қ., Дүйсенов Б.Д.; Аллен Франк (ағылшын тілі редакторы, АҚШ) және Ұ.А. Өтепбергенованың (көрсеткіштерді құрастырушы, Қазақстан) қатысуымен. – Алматы: Алтын парақ, 2023. – 496 б. + «Абат-Байтақ» қорымы фильмінің дискісі.
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Рисала-йи жанайиз (Жаназа кітабы)» / Баспаға дайындағандар: Х.И. Назиров, Ғ.Б. Ысқақов. Жауапты редакторы: Ә.Қ. Мүминов. Кітапты үйлестіруші: Б.Д. Дүйсенов. – Алматы: Алтын парақ, 2024. – 260 бет.
- Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты.
- Қатысушының жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы.
- Байланыс телефондары, e-mail адресі.
- Баяндаманың атауы.
- Мақаланың атауымен оның мәтіні арасында: автордың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі екі тілде: мақала жазылған тілде және ағылшын тілінде қойылады.
- Мақаланың атауы және оның түйіні(шамамен200сөз)басында ағылшын тілінде беріледі.
- Әдебиеттермен дереккөздер нөмірленеді және олардың тізімі мақаланың соңында беріледі. Мақаланың мәтінінде сілтемелер тік жақшада көрсетіледі [1:245].
Ұйымдастыру комитеті