Бишімбаев ісі. Сотталған Байжанов сот үкіміне қарсы шағым түсірді

1568
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-15-at-20.19.40-960x500.jpeg?token=bf1823ced13df42c1e2f5672b363b87d
Жоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған туысы Байжановтың шағымын қарамақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бақытжан Байжановты 13 мамырда 4 жылға соттаған болатын. Ол Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталып, істі болған еді. Сот кеңсесі Байжановтың атынан кассациялық шағым түскенін хабарлады. Сот оны сәрсенбі, 4 қыркүйекте қарамақ. Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады. Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған еді.
Comments