Әскердегі өлім. Маңғыстауда сарбазға оқ тиіп, көз жұмды

2351
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-10-at-09.38.45-960x500.jpeg?token=d86566fdb83647aa46ecd8caecb3b994
Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында бір сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.
Comments