Қазақстандық мектеп оқушысы БАӘ-де өткен бокстан Азия чемпионы атанды

1494
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/e06b2beb-51f4-4297-a4d5-f0158b676c08.jpeg

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Азия чемпионатында жасөспірімдер арасындағы бокстан Отандасымыз Әбдімансұр Жақсылық жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тумасы,  №26 Жаңаталап орта мектебінің

оқушысы Әбдімансұр Жақсылық Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен бокстан жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы  атанды. Спортшының бапкері - Белгібай Нұрхат.

Comments