Үкіметтің Ұлттық қордан триллион сұрайтыны айтылды

1392
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/f0aa09cd-ff54-45fe-ae57-7729f10a82d2-960x500.jpeg?token=493243765f9b8357c74b7c528dd72703
Қазақстан үкіметі бюджет тапшылығының салдарынан Ұлттық қордан қаржы алмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
«Қосымша трансфер қазір есептелініп жатыр. Бұл – 1,5 триллион мен 2 триллион теңгенің арасында. Бұл – менің сарапшылық бағамым. Қазір, бәлкім, бұл туралы айту дұрыс емес шығар», – деді Азамат Әмрин Мәжіліс дәлізінде.
Вице-министрдің айтынша, Ұлттық қордан қосымша трансфердің нақты саны қыркүйек айының соңында белгілі болмақ.
«Биылғы сегіз айда мемлекеттік бюджет кірісі 94%-ға орындалды, бірақ республикалық бюджеттің кірісі 84%-ға дейін төмендеген», – еді вице-министр.
Comments