Астана төрінде Димаш Құдайбергеннің жеке көрмесі ашылды

1630
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_5676.jpeg
Бас қалада әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрме Ұлттық музейде ұйымдастырылған. Мұнда әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды.  Көрменің ерекшелігі - бала Димаштың бесігі. Бесікке әжесінің тілеуі жазылған.  Димаш Құдайбергеннің шығармашылығынан, өмір жолынан сыр шертетін көрме Ұлттық музейде 6 қазанға дейін жалғаспақ.
Comments