Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде үш жасар бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сүйенсек, қараусыз қалған бала 2-қабаттан құлаған. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтты.
"Оқыс оқиға 16 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болды. Бала алты қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Фаруза Қайроллина.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.