Бақытбек Рахымбердиев терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды

1516
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/izobrazhenie_2024-09-18_151707958.png
Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары – терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.  «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада. Рахымбердиевтің бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің бірін басқарғаны белгілі.
Comments