19 қыркүйек Алматыда ірі жол апаты болып, Саин көшесіндегі тоннельде жеті көлік соқтығысты. Бұл туралы видеоны Instagram желісіндегі kris_p_brothers паблигінің авторлары таратқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Видео сипаттамада ірі жол апаты Саин көшесінде болғаны айтылған.
«Сағат 20:30-да Саин көшесімен төмен түсіп келе жатып, осындай сұмдық көріністің куәсі болдым. Жолда бәріңіз сақ болыңыздаршы. Сізді үйде күтіп отырған адамдар бары есіңізде болсын”, - делінген видео сипаттамасында.
Оқиға Саин көшесі мен Жұбанов көшесінің қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасына жеті көлік қатысқан. Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Қазір полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister