Қазақстан аумағында сегіз айдың ішінде ресейлік газдың транзиті үш есеге жуық артқаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
«2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ресейлік газдың транзиті 3,473 млрд текше метрді құрады», - делінген сәрсенбі күні энергетика министрлігінің хабарламасында.Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша транзит 1,28 млрд текше метрді құрады. 2024 жылдың сегіз айында транзит бүкіл 2023 жылғы транзиттен 2,7 есе асып түскен.