Бүгін «Үркер-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдар қатысады. «Үркер» ұлттық сыйлығына биыл 400-ге жуық өтініш келіп түскен. БАҚ өкілдері 12 номинация бойынша бақ сынады. Айта кетейік, келіп түскен жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.
«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:
- Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz);
- Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже (Астана ақшамы газеті);
- Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
- Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
- Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
- Үздік өңірлік БАҚ – Наш Костанай газеті;
- Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова (Омбы қазақтары газеті);
- Үздік подкаст – NeQuryltay;
- Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz)