Президент Тоқаевтың кортежі жүретін жолдан атыс қарулары табылды

1448
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_8108.jpeg
Түркістан облысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кортежінің бағытын тексеру кезінде атыс-қарулары табылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы. «Мемлекет басшысының кортежінің Түркістан облысы бойынша жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖК-мен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары кешені жүргізілуде.
 
Еске салайық, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.
Comments