Оқушы қыздың денесі Ақмола облысының Жібек Жолы кентіндегі гараждан табылды. Полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 қазанда болған.
«Аршалы ауданының полиция бөліміне Астана тұрғынынан Жібек Жолы кентіндегі үйінің гаражында 2010 жылы туған туысы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады.
Related news
Sholpan Korganbek dedicated the song to the great poet, philosopher-humanist, composer Abay Kunanbayev
