Алматыда қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға орнында бір адам қайтыс болды. Жол апаты Бөкейханов қиылысында орын алған.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта, Бөкейханов көшесінің қиылысында келе жатқан. Кейіннен ол жолағын ауыстырмақ болып, көлік жеке тасымалдаушыға тиесілі 58 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаға қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
