Батыс Қазақстандағы Ақсуат ауылында референдум аяқталды

1220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/sajlau-960x500.jpg?token=3cf264446fe3e60326c71cce4709ee83
Сағат 08:00-де Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылында Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы бойынша дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Жергілікті «Мой город» басылымының айтуынша әзірге бұл елдегі дауыс беруге 100 пайыз қатысқан жалғыз елді мекен. Ақсуат ауылы - Шыңғырлау ауданындағы және бүкіл облыстағы ең кішкентай ауылдардың бірі. Мұнда небәрі 170-тен сәл астам тұрғын тұрады. «Несіне күтеміз? Таңертең ерте тұрып, үй шаруасымен айналысып, референдумға бардық», - деді ауыл тұрғыны.
Comments