Референдумның алғашқы нәтижелері жарияланды

1223
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-06-at-21.17.41.jpeg
АЭС салу мәселесі бойынша өткен референдумның алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Барлығы 7 820 918 қазақстандық Атом электр стансиясының құрылысына байланысты референдумға қатысып дауыс берген. Пайызға шаққанда бұл Қазақстандағы барлық сайлаушылар санының 63,87% құрайды. Орталық референдум комиссиясының айтуынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20:00-гі жағдай бойынша азаматтардың өңірлерді азаматтардың келуі мынандай: Абай облысы 69,57% Ақмола облысы 71,63% Ақтөбе облысы 75,11% Алматы облысы 68,71% Атырау облысы 63,28% Батыс Қазақстан облысы 67,03% Жамбыл облысы 61,28% Жетісу облысы 68,01% Қарағанды облысы 72,12% Қостанай облысы 73,45% Қызылорда облысы 82,48% Маңғыстау облысы 54,03% Павлодар облысы 65,09% Солтүстік Қазақстан облысы 66,31% Түркістан облысы 71,31% Ұлытау облысы 70,69% Шығыс Қазақстан облысы 73,79% Астана қаласы 50,81% Алматы қаласы 25,39% Шымкент қаласы 70,57% Референдумның алдын-ала қорытындылары ертең арнайы брифингте хабарланады  
Comments