Эстония Украина НАТО-ға кіруін қолдайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Эстония Украина НАТО-ға қосылу процесінде нақты қадамдарды көргісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Ханно Певкур хабарлады.
Kazakhstan calls for the development of a phased plan for the complete elimination of nuclear weapons by 2045
НАТО басшысы Марк Рютте бейсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский мен оның елі Ресеймен келіссөздерді күшейтілген позициядан бастауы керектігін айтты. Рюттенің айтуынша, Солтүстік Атлантикалық альянс Киевті толық қолдап отыр.
«Эстония әрқашан Украина үшін қауіпсіздіктің нақты кепілі НАТО-ға мүше болу екенін айтып келген», – деді Певкур Брюссельдегі НАТО елдерінің қорғаныс министрлерінің кездесуінде.17 қазанда Брюссельде Украина-НАТО кеңесінің отырысы өтеді. Жиынға Украина президенті Владимир Зеленский де қатыспақ. Ол осы отырыста «жеңіс жоспарын» таныстырып, Еуропа Одағының басшыларымен кездеседі.
Related news

«Егер қажет болса, біз бұл жағдайға ұзақ уақыттан бері дайынбыз. Украина Ресеймен күшті позициядан келіссөздер бастауы үшін біз қолайлы жағдай жасағымыз келеді, бірақ бұл сәт әлі келген жоқ. Украина біздің тұрақты қолдауымызға сенім арта алады», – деді Рютте.