Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді

1468
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zher-silkinisi-960x500.jpg?token=d617f0b257f4746dd28db53dc24da020
2024 жылғы 19 қазанға қараған түні Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ұғғзи" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 1:32-де жер сілкінісін тіркеді. «Жер сілкінісінің эпицентрі Өзбекстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 669 км жерде орналасқан», - делінген ТЖМ мәліметінде. Қазақстан аумағында дүмпулер тіркелген жоқ. Еске сала кетейік, 17 қазанында түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр Қытай аумағында Қазақстанның оңтүстік астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан.
Comments