Алматыда жол-көлік апатынан жалдамалы көліктің жүргізушісі зардап шекті

1049
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/55b2938d-860f-4d74-9d46-1db89312ada9-960x500.jpeg?token=ae2d1aef1521cec8ad086e7e3ff470ef
20 қазан күні таңертең Сәбденова мен Әшімов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз басқарған Toyota Camry 70 көлігі Тәшімов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап, жасыл шам жанған кезде жүре бастаған. Сол кезде қара түсті Toyota Camry 40 көлігі қатты жылдамдықпен келіп, осы көліктің бүйіріне соғылған. Салдарынан жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Оқиға салдарынан қара түсті Toyota жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды. Кейіннен жүргізушінің бүлінген көлікті жалға алғаны белгілі болды. Жол полициясы оқиғаның басқа да мән-жайын анықтау үстінде.
Comments