Қарағандыда Республика күні мемлекеттік ту көтерілді

1268
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/2ab7da7ea31901767d9f6dd6fb7e914f_original.314522.jpg
Республика күні Қарағандыдағы Ту тұғырының алаңында мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті. Оған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты. – Бүгін ту көтеру және әнұран орындау - біздің бірлігімізге, жерімізге, елімізге құрмет. Біздің болашағымыз біздің қолымызда екенін еске сала отырып, Қазақстан туы әрқашан биікте желбіресін! – деді аймақ басшысы. Туды көтеру кезінде алаңға қатысқандардың барлығы елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Ту көтеру салтанаты Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында да өтті.  
Comments
Other materials