Алматы қаласы Медеу ауданының соты «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған.
“Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ” делінген хабараламада.
Related news
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival