Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Атамұра» корпорциясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед пен «Атамұра» баспасының жетекші редакторлары Райхан Райбаева, Назира Бекхожаевамен кездесу өтті.
«Атамұра» баспасы 1992 жылы 4 ақпанда құрылып, қазіргі таңда 1000-ға жуық қызметкер жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы баспа.
Кездесуде журналистика факультеті мен «Атамұра» баспасының арасындағы шығармашылық байланыс туралы мәселелер қозғалып, студенттердің баспаға қатысты сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар оқулықтарды орынды, орынсыз сынайтындар жайлы ашық сөз қозғалды. «Атамұра» баспасы оқулықтан басқа полиграфиялық өнімнің барлығын шығарады.
«Атамұра» баспа корпорациясының президенті Рақымғали Абрарұлы:
– Бүгінде «Атамұра» баспасы кітап шығаруда бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр, дәлірек айтқанда, 9 бағытта. Міне, мен осыларға жеке-жеке тоқталып өтейін деп тұрмын!
Ең алғашқы әріп «Әліппеден» басталады, одан кейін «Ана тілімен» жалғасады. Сондықтан біз «Әліппені» аяқтап, «Ана тілін» оқып жүрген бірінші сыныптың баласына қандай кітап оқыту керектігін көп ойлана келіп, буынға бөліп оқуға ыңғайлы кітаптың атауын да «Әліппеге» жақындатып «Әліппе әңгімелері» деген атпен бүлдіршіндеріміздің алғашқы кітабы ретінде ұсындық. Одан кейін төмендегі сериялар жалғасады.
Сатирик, журналист Ермахан Шайхыұлы осы пікірге қатысты ойын айтып, бұл өлең жолдарын «Тұрмыстық пародияға» жатқызуға болатынына тоқталды.
Назира Бекхожаева:
– Электронды оқулық балалардың ауыр сөмкесін жеңілдету мақсатында құрастырылғанын әрі осындай оқулықтың 171 түрімен таныстыруды жөн көріп отырмын. «Әліппе» оқулығында ұлттық киім киген екі бала әріптерді егжей-тегжейлі түсіндіреді. Балалар үшін, ұстаздар үшін де таптырмас құрал екендігі айтпаса да түсінікті», – деп конференция барысында ұтқыр ойымен көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Жиын соңында «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед 100 көркем-әдеби кітапты журналистика факультетіне сыйға тартты. Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай ризашылығын білдіре отырып, кітаптар әр дүйсенбі сайын «Үздік студент», «Үздік оқытушы» номинациясы бойынша сыйға беріліп отыратынынан хабардар етті.

- Әліппе; «Әліппе әңгімелері», «Бүркіттің балапаны», «Бал бұлақ» жас бүлдіршіндерге арналған кітапшалар, «Атамұраның» алғашқы сериясы «Менің алғашқы кітапшам» деп аталады.
- «Атамұра» мектеп кітапханасы» сериясымен шыққан көркем шығармалар, «Балалар поэзиясының антологиясы» және «Балалар прозасының антологиясы» жинақтары.
- «Атамұра» кітапханасы» көркем әдебиеттер сериясы.
- Қазақтың ұлы данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған басылымдар.
- «Атамұра» баспасының ғылыми басылымдары (5 томдық «Қазақстан тарихы» (орысша, қазақша), «Абылай хан», «Аттила», «Қобыз сарыны»).
- Шетел баспаларымен бірлесіп шығарған басылымдар, ТМД жазушыларының аударма кітаптары.
- Мектеп оқушыларына арналған энциклопедиялар.
- Ағылшын тілін үйрететін балаларға арналған басылымдар.
- Қазақтың салт-дәстүрімен ұлттық құндылықтарына арналған басылымдар.
Сатирик, журналист Ермахан Шайхыұлы осы пікірге қатысты ойын айтып, бұл өлең жолдарын «Тұрмыстық пародияға» жатқызуға болатынына тоқталды.
Назира Бекхожаева:
– Электронды оқулық балалардың ауыр сөмкесін жеңілдету мақсатында құрастырылғанын әрі осындай оқулықтың 171 түрімен таныстыруды жөн көріп отырмын. «Әліппе» оқулығында ұлттық киім киген екі бала әріптерді егжей-тегжейлі түсіндіреді. Балалар үшін, ұстаздар үшін де таптырмас құрал екендігі айтпаса да түсінікті», – деп конференция барысында ұтқыр ойымен көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Жиын соңында «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед 100 көркем-әдеби кітапты журналистика факультетіне сыйға тартты. Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай ризашылығын білдіре отырып, кітаптар әр дүйсенбі сайын «Үздік студент», «Үздік оқытушы» номинациясы бойынша сыйға беріліп отыратынынан хабардар етті.
Ұлбосын Намазбай
Related news