Астана әуежайында алты рейстің ұшуы кейінге шегерілді

1424
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/e0cc11b8-2374-419b-8ea3-747acdc1e32b-960x500.jpeg?token=8ec3dc49a97e326520422e4e3bd047aa
Астана әуежайында алты рейстің ұшуы кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жоспарланған 75 рейстің ішінен алтауының ұшу уақыты кешіктірілгенін мәлімдеді. Ұшуы 10:10-дан бастап жоспарланған  SU1957 Астана – Мәскеу; КС7208 Астана – Атырау; КС7315 Астана – Қызылорда; КС921 Астана – Франкфурт; DV716 Астана – Шымкент; КС642 Астана – Алматы рейстерінің көпшілігінің ұшу уақыты 14:00 мен 16:00 аралығына ауыстырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелмеген. Жолаушылар рейстердің мәртебесі мен кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты әуе компаниясынан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан біле алады.
Comments