"Мосфильм" киностудиясының бас директоры Карен Шахназаровтың айтуынша, киностудия өздерінің реквизиттік әскери техникасын Ресей қарулы күштеріне берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы dw.com-ге сілтеп.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинге "Мосфильм" киностудиясының бас директоры және басқарма төрағасы Карен Шахназаров айтты.
Кремльдің баспасөз қызметі 13 қараша күні қарулы күштерге 28 Т-55 танкі, сегіз ПТ-76 танкі, алты БМП және сегіз тартқыш техника берілгені туралы ақпарат жариялаған. Олар "әскери-техникалық базада" сақталған.
"Мен қажеттіліктер бар екенін білдім, қорғаныс министрлігімен байланысып, сол техникаларды алып кетті", — деді режиссер әңгіме барысында.Ал киностудияның сайтында:
"Мосфильм" сайтында "Әскери техника" бөлімінде киностудияның өндірістік кешені танк, артиллерия, автомобиль және атыс қаруымен жабдықталғаны көрсетілген. Онда 190-нан астам броньды техника, бронетранспортерлер және өздігінен жүретін қондырғылар бар, олар әртүрлі кезеңдердің шетелдік әскери техникасына ұқсас етіп жасалған. "Барлық техника реквизит (сахналық құрал) ретінде қолданылады, жұмыс жағдайында", — делінген ресейлік киностудияның сайтында.Ресей әскерінің Украинаға кең ауқымды басып кіруі басталғаннан бастап, Ресейде қару-жарақ жетіспеушілігі туралы хабарлар шыға бастады. Осыған байланысты Ресей қорғаныс министрлігі ескі қорларды қайта жандандыруға шешім қабылдады. Атап айтқанда, 1958-1979 жылдары шығарылған Т-55 танкі де майданға жіберілді, оны Шахназаров Путинмен әңгімеде атап өтті.
Related news
Vice Prime Minister and Minister. Jamaubayev told about the difficulty of carrying out two duties at the same time
