Сенат төрағасы Үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді

2205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/7608e4c5-1b03-4efa-8932-e138421ecebf-960x500.jpeg?token=a0a2b3ae6e5868d695953a31c7b10325
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Үкіметінің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәулен Әшімбаев журналистердің “Үкімет отставкаға кете ме?” деген сауалына жауап берді. “Қазір елімізде осындай мәселелерді (Үкіметтің отставкасын) көтеруге негіз жоқ деп санаймын. Үкіметтегі әріптестеріміз бүгін Сенаттағы талқылау кезінде инвестицияны тартуға қатысты біраз жұмыс атқарылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, инфляцияны тежеу бойынша тиісті қадамдарды жасап отыр. Сондықтан алдағы уақытта біз Үкіметпен бірлесіп жұмыс істейміз, яғни Парламенттің де жауапкершілігі бар”, - деді Сенат төрағасы Әшімбаев. Бұл тұрғыда ол еліміздегі инфляцияны тежеу негізгі мақсаттардың бірі екенін де ерекше атап өтті.
Comments