Жамбыл облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды

1249
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/f53b7c51-b6e9-4c36-ae31-bf93657a7118.jpeg
Жамбыл облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, апат бүгін Шу ауданында Алматы-Ташкент автожолының 245 шақырымында болды. «Жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанып, 9 адамды жақын маңдағы жол бойында тұрған кафеге эвакуациялады», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Оларға медициналық көмек қажет емес еді.
Comments