Димашықтан қашқан Башар Асадтың ұшағы атып түсірілген болуы мүмкін

1086
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/79810fce-a129-49c4-90b9-757da46f27f1-960x500.jpeg?token=fec5d5ac0ecb0bf74ec19934207c45f1
Димашықтан қашып кеткен Башар Асадтың ұшағы "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлары тарапынан атып түсірілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы EurAsia Daily агенттігіне сілтеме жасап. "Түн ортасында күш құрылымдары қарсыласуды тоқтатып, қаруларын тастауды ұйғарды. Бұл Сирия Араб Республикасы кезеңінің аяқталғанын білдіреді. Ал Башар Асадтың қашуға тырысты. ОЛ мінген Ил-76Т ұшағы атып түсірілген. Syrian Air компаниясына тиесілі ИЛ-76Т ұшағы Хомс үстінде бағытын күрт өзгертіп, төмендей бастаған және Ас-Сувейри ауылына жақын жерде Ливан шекарасына таяу жерде құлаған» - деп хабарлады "Рыбарь" телеграм каналы. Бұрын САНА мемлекеттік агенттігі Асадтың президенттік сарайда екенін хабарлаған болатын, бірақ кейінгі мәліметтер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын көрсетті.
«Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымы Ил-76 ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді, оның бортында Башар Асадтың болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Comments