Лукашенко «экстремизм» үшін сотталған 29 адамға рақымшылық жасады

1328
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/91fcdcd5-0391-4dcc-892a-16a87de24b39-960x500.jpeg?token=7ea2b850d019796dbd5a2df323a02d62
Беларусь президенті Александр Лукашенко «экстремистік» қылмысы үшін сотталған 29 адамға рақымшылық жасады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, «экстремистік» қылмысы үшін сотталғандар жасаған әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұраған. Ақпаратқа сәйкес, рақымшылық жасалғандардың ішінде 11 әйел, 18 ер адам, оның ішінде 25 жасқа дейінгі алты адам, үш зейнеткер, екі мүгедек, 15 созылмалы аурумен ауыратындар бар. Беларусь Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бостандыққа шыққандардың заңға бағыну әрекеттерін қадағалайтын болады. Биыл Беларусьтегі саяси тұтқындарға осымен алтыншы рет рақымшылық жасалды.
Comments