Алматыда мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, ер адамның жансыз денесі қаладағы мектептердің бірінің жанынан табылған.
"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша ол жүрек талмасы салдарынан қайтыс болған", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
