Қырғызстанда түнде жер сілкінісі тіркелді

1302
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-07-at-19.37.58-960x500.jpeg?token=746327fe4fab57014a9b7a4c2bcd9c1f
Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қазақстанның ИГИ НЯЦ деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 11 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша 02:30-да Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Талды-Суу ауылынан 9 шақырым оңтүстікте және Нарын қаласынан 37 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. Жерасты дүмпулері Озгоруш, Талды-Суу және Первомайск ауылдарында 3 балл күшімен сезілген.
Comments