Башар Асадтың әкесінің қабіріне шабуыл жасалды

1200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/photo_2024-12-11_22-13-27.jpg
Латакия қаласында қарулы топ Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың қабірін қорлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Annahar басылымына сілтеп.   1971-2000 жылдары елді басқарған Хафез Асадтың қабірі елдің солтүстік-батысындағы Қардаха қаласында орналасқан. Бұл мавзолейде оның жұбайы мен көлік апатынан қаза тапқан үлкен ұлы Басил Асад  жерленген. Бұрын бұл жерге экс-президент Башар Асадтың жақтастары жиі барып тұрған. Алайда қазір мавзолей шабуылға ұшыраған.
Comments