Жамбылда жасөспірімдердің қыз зорлағаны анықталды

1369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Жамбыл облысының полициясы зорлау ісін қарап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірімнің жас қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болып, қоғамдық резонанс тудырды. Өңірдің полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Тергеу кәмелеттік жасқа толмаған үш күдіктіні анықтап, ұстады. Екеуі үй қамаққа алынды, үшіншісі басқа бір адамның кепілдігімен жіберілді. Қазір қылмыстық істі тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
Тараптар танысып болғаннан кейін іс прокуратураға, одан кейін сотқа жолданады.
Comments