Бұрынғы футболшы, "Халық күші" партиясының мүшесі Грузия президенті атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Михаил Кавелашвили 53 жасында Грузия президенті атанды. Ол президент лауазымына жалғыз үміткер болған.
Оның кандидатурасын биліктегі "Грузия арманы" партиясы ұсынған.
Грузияда өткен сайлаудың басты ерекшелігі - президентті алғаш рет халық емес, құрамында 300 сайлаушы бар сайлау алқасының таңдауы. Михаил Кавелашвили 224 дауыс жинаған. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 29 желтоқсанда өтпек. Ол 5 жыл мерзімге сайланды.
Related news
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued
