Ұлттық экономика министрі қызметтен босатылды

1356
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/73854f25-bd28-4ccc-87b5-c56fcfadf85d-960x500.jpeg?token=d7bae4f2d9d22f8afb1f12ebfe9169b6
Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақорда хабарламасында: "Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", - делінген. Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген бұрынғы министрдің 23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның 7-і "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да басшылық лауазымдарда. 1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеген.
Comments