Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралиядағы United Cup турнирінің жартылай финалында жеңілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Польшаға қарсы ойнап, жеңіліс тапты. Ұлттық командадан алғаш болып Александр Шевченко жарыс алаңына шығып, қарсыласы Хуберт Хуркачтан 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен шеберлік байқасып, екі сетте де есе жіберіп, жеңілді (7:6, 6:4).
Қазақстан құрамасының атынан спортшылар United Cup турниріндегі ойынын сәтсіз аяқтады.
Related news
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant