Путиннен Ақтауда қаза болған қазақстандықтар үшін өтемақы төлеу талап етілді

1779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/ria_8466512-pic_32ratio_1200x800-1200x800-63628-960x500.jpg?token=6a1c834ccbb2bb2c2ed9aa41160ea1da
Ресей президенті Владимир Путиннен қазақстандықтардың ұшақ апатында қаза болуына байланысты кешірім сұрап, өтемақы төлеу талап етілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. «Құрметті Владимир Путин мырза! Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің мәлімдемесін қолдай отырып, ресейлік тарап барлық зардап шеккендерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да өтемақы төлеуі тиіс деп санаймыз», – деп Қазақстан қоғамының атынан азаматтық белсенді Мұрат Телібеков Путинге үндеу жасады. Үндеуде Ресей мұны тергеу нәтижесін күтпей-ақ жүзеге асыруы, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан тұрғындары мен өз азаматтарынан кешірім сұрауы қажет деп айтылған. «Қалыптасқан қауіптерге қарамастан, бұл елдің беделіне зиян келтірмейді. Керісінше, өз кінәсін ерлікпен мойындау – оны өтейтін қадам болмақ. Ал ұшақтың қозғалтқышына құстардың түсуі немесе салонындағы оттегі баллонының жарылуы туралы қисынсыз болжамдар тарату ресейлік биліктің абыройына нұқсан келтіреді», – делінген үндеуде. Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні Ақтау әуежайы маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку – Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Comments