Алматыда жанжал салдарынан полиция көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция қызметкері ауруханалардың бірінде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Алматы ПД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Полиция қызметкері жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Аталған жағдай жұмыс уақытынан тыс кезде орын алған.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бұл ақпарат Михаил Козачковтың Telegram-арнасында тараған. Оқиға “Пинта” барында орын алған. 1993 жылы туған полицей екі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared