АҚШ-та белгілі жазушы Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қоштасу рәсімі жергілікті уақыт бойынша 11 қаңтарда сағат 9-да Мэриленд штатында өтті.
Жаназасына жақындары мен Алматыдан барған туыстары қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, қазақ қауымдастығының өкілдері және сол жақта “Болашақпен” білім алып жатқан студенттер қатысты.
Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial мұсылмандар зиратына жерленді.
Еске сала кетсек, Қазақстан уақыты бойынша 10 қаңтар күні жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та 85 жасында дүниеден озды.
Related news
There is no information about the participation of citizens of Kazakhstan in the war in Ukraine - MFA
Department of Almaty city regularly holds receptions of citizens to increase legal literacy of consumers