"Көлікті ұзақ қыздырғаны үшін". Министрлік заңды қайта қарайтын болды

2001
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/img_4925-960x500.jpeg?token=c208f00c123ad2d1b9974c6dcce7c4b6

Әділет министрлігі депутаттардың шағымынан кейін көлікті ұзақ қыздыру нормасын қайта қарастырмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет виц-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді.

Жақселекованың сөзінше, аталған мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады. Ал оның құрамында тек тиісті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ депутаттар да болады.
"Егер депутаттық сұрау осы тақырыпта түскен болса, бұл мәселе анықталып талқыланады. Қосымша нәтижелер қарау қорытындысы бойынша хабарланады", - вице-министр Ботагөз Жақселекова.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар аязды уақытта көлікті 5 минуттан артық жылытуға салынатын айыппұлдарды қайта қарауды сұраған. Оған себеп - ауа райының суықтығы. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады. Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
Comments