Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

1429
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде орналасқан. Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында 2 балл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында 2 балл болып сезілгенін хабарлады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Comments