Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев Батыс елдері қазақ ұлтшылдарын қолдап, Украинадағыдай Ресей мен Қазақстан арасына іріткі салғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол Ресейдің ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Біздің халық қашан да бірге болды — патшалық Ресей кезеңінде, кеңестік уақытта және қазір де. Бірақ, айту керек, деструктивті күштер бар — негізінен шетелден, — олар Грузия мен Украинадағыдай нәрсе жасауға тырысуда», - деп атап өтті ол.
Мұсабаевтың пікірінше, англосаксондық күштер Ресей айналасында тұрақсыздық белдеу құрып, екі ел арасындағы дұшпандықты насихаттауға тырысады.
«Барлығы жақсы болады, — деп сендірді Мұсабаев. Мен сияқты ойлайтындардың саны әлдеқайда көп. Тәуелсіздік жақсы, бірақ достықтан айырылуға болмайды! Ресеймен байланысты үзбеу керек. Ресей — біздің ең басты көршіміз және өмірдегі ең басты серіктесіміз», - деп қосты ол.
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
"Under psychiatric care": in Petropavlovsk, a pupil brought an ax and a knife to school and injured three children
