Тағы да шойын жолдағы оқиға. Оралда ер адамды пойыз басып кетті

1092
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/03a04b23-1b13-42aa-ae2f-014c791a4145-960x500.jpeg?token=c7c67380d67bc84a55cd45e50b6d1007

Оралда ер адам абайсызда пойыз астына түсіп көз жұмды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Ақпаратқа сәйкес, апат 4 ақпанда түстен кейін болды. 

“Теміржол көлігі қозғалып кетіп, абайсызда адам өліміне әкеп соққан, осыған орай

пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция департаменті. 

Айыпталушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Comments