AZAL ұшағын ресейлік «Панцирь-С» зымыранымен атқан - Reuters

1279
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_4302-960x500.jpeg?token=f823819444381ddddb97fa912c2d398a
Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы ресейлік «Панцирь-С» зымыранымен атып түсірілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Reuters Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді. «Әзербайжанда ұшақтан алынған және халықаралық сараптама барысында анықталған «Панцирь-С» зымыранының бөлшегі бар», — деген Бакудегі жоғары лауазымды шенеунік Reuters агенттігіне. Бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі Embraer-190 ұшағының апатын тексеру бойынша алдын ала есепті жариялаған болатын. Есепке сәйкес, бөтен металл заттар қалдырған шұрқ тесіктер ұшақтың құйрық бөлігінен, төменгі бөлігінен және сол жақ қанатынан анықталған. Қазақстанның Көлік министрлігі  ұшақтың гидравликалық жүйелеріне зақым келтірген бөтен металл заттардың көптеген тесіктер қалдырғанын хабарлады. Қорытынды есеп барлық тергеу жұмыстары аяқталған соң әзірленеді. Алдын ала есепке сәйкес, бөтен металл заттар қалдырған көптеген тесік белгілері ұшақтың құйрық бөлігінен, төменгі бөлігінен және сол жақ қанатынан анықталды. Бұл фактілер есепке қоса тіркелген фотосуреттерден расталды. Желтоқсанның 25-інде Астана уақытымен 10:13:31-де экипаж алғаш рет қиындықтарға тап болған. Қатты соққы естіліп, автопилот ажыратылғаны туралы дабыл іске қосылған. Бірнеше секундтан кейін тағы бір соққы тіркелген. Металл заттар гидравликалық жүйелерді зақымдап, нәтижесінде сұйықтық ағып кетіп, руль жүйесінің істен шығуына себеп болуы мүмкін. Бір минуттан кейін командир экипаж мүшелеріне хабарласып: «Алло, не болды?» – деп сұраған. Бортсерік: «Екі орындық жарылды, жолаушылар орындарынан тұрып кетті. Оларды орнына отырғызуға тырысып жатырмын», – деп жауап берген. Осыдан кейін экипаж Грозный, Ростов және Ақтау әуежайларының диспетчерлерімен байланысқа шыққан. Есепте экипаждың жүргізген келіссөздері егжей-тегжейлі баяндалған. Экипаж басқаруды жоғалтып жатқанын хабарлаған. Алдымен Махачкаладағы ауа райын сұратқан. Содан кейін Бакуге қайту туралы шешім қабылдаған. Руль істен шыққанынан кейін жарты сағат өткен соң Ақтауға қону туралы шешім шығарған. Еске сала кетейік, ұшақ бортында 67 адам болған. Олардың арасында Азербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары бар. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты. Ақтау әуежайының барлық құтқару қызметтері дереу іске қосылып, жолаушыларды эвакуациялады. Тергеу барысында ұшақтан алынған бөгде заттар фотосуреттермен расталды. Ұшақ құрылымындағы тік тесік белгілері бөгде нысандардың кіргенін көрсетті. Кейбір зақымданулардың нақты тікбұрышты пішінде болуы ерекше назар аудартуда. Қазіргі таңда комиссия ұшақтың зақымдану ерекшеліктерін зерттеп жатыр. Заттардың қайдан келгенін анықтау үшін қосымша сараптамалар жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылы 25 желтоқсан күні болған еді. Бұл трагедияның салдарынан ұшақтың капитаны Игорь Кшнякин, екінші пилот Александр Кальянинов және аға бортсерік Хәкима Әлиевамен қатар 38 адам қаза тапқан болатын. Оларға Әзербайжанның ұлттық қаһарманы атағы берілді.

Келесі күні, 26 желтоқсанда бастапқы мәлімет бойынша ұшақ Ресейдің «Панцирь-С1» әуе қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілгенін хабарланған болатын. Кейінірек Ресей тарапы трагедияның себептерін бұлыңғырлатуға тырысып, түрлі болжамдар ұсынды.

Болжам бойынша, Грозный әуе кеңістігінде ұшақ ресейлік әуе қорғаныс жүйесінің шабуылына ұшырағаннан кейін бағытын өзгертуге мәжбүр болған, осылайша Қазақстанға жетіп апатқа ұшыраған.

27 желтоқсанда Росавиация БПЛА-ға (ұшқышсыз ұшақтарға) қарсы іс-шаралар жүргізу жоспары бойынша жұмыс жүргізілгенін растады. 27 желтоқсанда Azerbaijan Airlines апаттың себебін «физикалық және техникалық кедергілер» деп атады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев апатқа Ресей өкілдері кінәлі деп мәлімдеп, Мәскеу өтемақы төлеуі керек деген талап қойды.

Кейін Ресей президенті Владимир Путин Әлиевке ұшақ «Ресейдің әуе кеңістігінде апатқа ұшырағаны үшін» кешірім сұрады. Ресей билігі Әзербайжан ұшағы Грозныйға қонбақ болған кезде украиналық дрондарға байланысты қала төбесінде әуе қорғаныс жүйесі іске қосылып тұрғанын мойындаған.

Кейін Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауының тергеу қорытындыларын күтіп отырғанда Ресей тарапы кінәлілерді жазалаудан гөрі, мәселені мағынасыз таласқа бұруға тырысқанын хабарладық

Аталған даудың басы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «қара жәшіктерден» алынған деректер «медиа кеңістікте тараған ақпаратты растамайды» деген мәлімдемесінен басталған болатын. Ал Қазақстан вице-премьері Қанат Бозымбаев шынайы деректің таралып кеткен мәліметтен айырмасы барын айтқан. Оның айтуынша, Бразилияда ашылып оқылған қара жәшік мәліметтері зерттеліп, өткен аптада алдын-ала қортындысы жариялануы керек болатын.

 
Comments