Астанада ішкі және сыртқы көрінісі ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйге сәйкес келетін нысан сатылымға шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметінше, аукцион 25 ақпан күні сағат 10:00-де өтеді.
Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге, ал кепілдік жарна 117,9 млн теңгені құрайды.
Еске салайық, 2023 жылы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын. Ол "мемлекетке опасыздық жасағаны" (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), "билікті күшпен басып алғаны" (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және "билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны" (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) үшін кінәлі деп танылды.