Қазақстандықтар наурыз айында жарты ай бойы демалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.
8 наурыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 8-10 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Биыл 22-23 наурыз сенбі мен жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күндері ретінде 24-25 наурыз бекітілді. Нәтижесінде, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн демалады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады.
Айта кетейік, 2024 жылы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі белгіленген болатын.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended