Лифтідегі шабуыл. 5 жастағы балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің анасы жазаланды

1141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/5da1bdc3-9be5-415d-9e07-e2d1030f66d4-960x500.jpeg?token=d4da3efc1f3cc7a417b8a672e1abbd54

Астанада лифтте 5 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, әйел әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын немесе мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) бойынша жауапқа тартылды.

Ол 20 айлық есептік көрсеткішпен 78 640 теңге айыппұл төледі. Жасөспірімнің іс-әрекеті әлі тергеліп жатыр. 

Еске салайық, Астанада тұрғын үйлердің біріндегі лифтте жасөспірім 5 жасар баланың бетіне пышақ жарақатын салған. Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Күдіктіні полиция ұстап әкетті. 

Comments